!-- Facebook Pixel Code -->
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев —
Қазақстан ғылымының шамшырағы
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев —
Қазақстан ғылымының шамшырағы
Оның жетекшілігімен алғаш рет Қазақстанның пайдалы қазбаларының әлемдік геологиялық тәжірибеде теңдесі жоқ картасы жасалды
Әрқашан бірінші болу – академик Қ. Сәтбаевтың табиғатына тән құбылыс іспеттес. Қаныш Имантайұлы қазақтар арасынан шыққан тұңғыш кәсіби инженер-геолог, тұңғыш ғылым докторы, КСРО Ғылым академиясының тұңғыш академигі, Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалаушы, оның тұңғыш президенті, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың тұңғыш лауреаты. Академиктің ғылыми мұрасы 800-ге жуық мақаланы қамтиды. Оның редакциясымен Қазақ КСР Ғылым академиясының 30-дан аса ғылыми еңбек жинағы жарық көрді. Ғалым ретінде Қаныш Имантайұлы Қазақстанның ірі пайдалы қазбалар кен орындарын ашып қана қоймай, оларды өндіру және қайта өңдеуге өндірістік база құруға баға жетпес үлес қосты. Бұл Қазақстанның кеңес одағындағы ірі өнеркәсіптік өңірлердің біріне айналдыруға себепші болды.

·
Қ. Сәтбаевтың даңқты есімі қала, университет, тау-кен металлургия комбинаты, мемориалдық музей, институттар, мектептер мен көшелердің атауларында мәңгі сақталған. Оның құрметіне Қазақстанның көптеген қаласында ескерткіштер орнатылды.

Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті ретінде Қаныш Сәтбаев химия саласындағы ғылым мен білімді дамытуға зор үлес қосты
Оның бастамасымен химия институттары құрылып, елімізде алғаш рет химия мамандары жүйелі түрде даярлана бастады. Сонымен қатар, ол жас ғалымдарды химия мен жаратылыстану ғылымдарына тартуға ерекше көңіл бөлді. Қаныш Сәтбаевтың ғылыми-өндірістік жобаларында химия ғылымы шешуші рөл атқарды. Ол өндіріс орындарында: кен құрамын химиялық әдіспен талдауды, сулар мен топырақ құрамын зерттеуді, металл өңдеу процесін жетілдіруді, экологиялық қауіпсіздікті сақтауды ұсынды. Бұл – химия ғылымының тәжірибеде қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.

Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА