"Жылдың үздік директоры" атты байқауының қорытындысы
«Ustaz Ulytau» ПТО жобасына қатысатын мектеп директорлары арасында өткен «Жылдың үздік директоры» атты байқауының нәтижелерін жариялауға қуаныштымыз.
Бұл байқау тек үздік, креативті және талантты басқарушыларды анықтауға ғана емес, сондай-ақ білім беру саласындағы озық тәжірибелер мен инновациялық технологиялармен алмасу, коллаборативті орта қалыптастыру алаңы болды.
Қатысушыларды бағалау процесін білім беру саласының тәжірибелі сарапшыларынан құралған кәсіби қазылар алқасы жүргізді. Әрбір іріктеу кезеңі ашық әрі объективті бағалау критерийлеріне сәйкес өткізілді. Қазылар алқасының әділдігі, жоғары кәсібилігі және әр қатысушыға мұқият назар аударғаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Жеңімпаз – өзінің ерекше көшбасшылық қабілетін, стратегиялық ойлауын және мектебін дамытудағы жоғары нәтижелерін көрсеткен Алишева Шынаргүл Амангелдинқызы! Сізді шын жүректен құттықтаймыз!
Сондай-ақ байқауға қатысқан барлық директорларға өз ісіне деген адалдығы, кәсібилігі және үнемі даму мен жаңашылдыққа деген ұмтылысы үшін алғысымызды білдіреміз.
Жаңалықтарымызды бақылап отырыңыздар – алда әлі талай қызықты бастамалар күтіп тұр!