Новости

Сіздерді тұрақты даму және ESG бойынша оқыту лекциясына қатысуға шақырамыз!

Сіздерді тұрақты даму және ESG бойынша оқыту лекциясына қатысуға шақырамыз!
Тұрақты даму дегеніміз не? Бұл туралы өскелең ұрпақ пен жастар неліктен білуі керек? ESG vs SDGs аббревиатуралары нені білдіреді және олар не? Неліктен климаттың өзгеруі туралы айту соншалықты маңызды?
Компаниялардың экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық тұрақтылығы бойынша осы және басқа да көптеген сұрақтардың жауабын сіз ЖШС «Қазақмыс Корпорациясы» тұрақты даму департаментінің экологиялық саясатты дамыту жөніндегі менеджері, «Туған жерге- қамқорлық» экомарафонының экологиялық жобалар байқауының қазылар алқасы Эльдар Әділханұлы Есболовпен кездесуде біле аласыз.
Экология, қоршаған ортаны қорғау және өңірдің тұрақты дамуына қызығушылық танытатын жоғары сынып оқушыларын, мұғалімдерді қатысуға шақырамыз.
Лекция өтілетін күні жане уақыты:

15 қазан сағат 11.00-де Шу қаласының Төле би атындағы мектебінде

17 қазан сағат 12.00-де Қонаев елді-мекенінің Қонаев атындағы мектебінде

Тренинг-дәріс уақыты 1 сағат 30 минут
2024 жылдың 30 қыркүйегінде Қарағанды облысы, Ұлытау облысы және Жамбыл облысы, Шу ауданындағы жалпы орта білім беру ұйымдарының 7, 8, 9, 10 сынып оқушылары арасында «Туған жерге қамқорлық» эко-марафоны экологиялық жобалар байқауы басталды.
Байқау парақшасы: https://cisadmissions.kz/page55679729.html
Ұйымдастырушы комитетінің байланыс нөмірлері:

Шынар Какенова, +7 702 891 34 51
Панасенко Татьяна, +7 707 595 85 20

E-mail: infoEco-marathon@uef.kz