Новости

Экомарафон жеңімпаздары

Экомарафон жеңімпаздары

Достар, «Туған жерге қамқорлықпен» Экомарафоны атты экологиялық жобалар байқауы аяқталды.

Жезқазған, Балқаш, Қарағанды қалаларында және Төле би ауылында (Шу ауданы, Жамбыл облысы) конкурстың соңғы іс-шаралары өтті. Онда Экомарафонға қатысушылар тұрақты даму және ESG бойынша дәрістер тыңдады, командалардың ғылыми жетекшілері STEM бойынша дәрістер тыңдады, байқаудың финалистері қазылар алқасының алдында өз жобаларын таныстырды және марапаттау рәсімдерінен өтті. Барлық қатысушыларға сыйлықтар мен қатысу туралы сертификаттар табыс етілді, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер өз жобаларын іске асыруға ақшалай қаражат алды. Сонымен, жеңімпаздар:

Жезқазған қаласы
1 орын - №4 ЖББМ командасы Жезқазған қаласы
2 орын - Абай атындағы мектептің командасы (Сәтбаев қ.) және 1-тірек мектебінің командасы (Ұлытау ауылы)
3 орын - Сәтбаев қаласындағы Ә. Марғұлан атындағы мектептің командасы және Ж. Жабаев атындағы №15 мектебінің командасы (Қарсақпай ауылы)

• Шу ауданы, Жамбыл облысы
1 орын - Төле би атындағы мектептің командасы (Шу қ.)
2 орын - Д. Қонаев атындағы мектептің командасы (Шу ауданы, Қонаев ауылы)
3 орын - С. Шәкіров атындағы мектептің командасы (Шу ауданы, Төле би ауылы)

• Балқаш қаласы
1 орын - «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінің командасы
2 орын - Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің командасы
3 орын - Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының командасы және әл-Фараби атындағы мектептің командасы

•Қарағанды қаласы
1 орын - Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясының командасы (Абай қ.)
2 орын - НЗМ командасы (Қарағанды қ.) және Әбдіров атындағы мектептің командасы (Қарағанды қ.)
3 орын - Алтынсарин атындағы мектептің командасы (Абай ауданы, Курминка ауылы), №7 мектебінің командасы (Шахтинск қаласы) және Мичурин негізгі орта мектебінің командасы (Абай ауданы, Агрогородок ауылы).

Біз жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз және байқауға қатысқандарыңыз үшін барлығыңызға алғыс айтамыз!