Құстарға жем салатын астау жасап, жүлде ұтып алыңыз!
Достар, «Туған жерге қамқорлықпен» экомарафоны атты экологиялық жобалар байқауы аясында біз «Құсқа жем салатын астау» экочелленджін бастаймыз! Ұлытау, Қарағанды, Жамбыл облыстарының барлық оқушыларын өз қолдарымен құстарға жем салатын астау жасап, өздері тұратын елді мекендеріне іліп қоюға шақырамыз.
Қатысу шарттары: 1. Жем салатын астау жасап, оны өз елді мекенінде іліп қою. 2. Астауды суретке түсіріп және Instagram-да астаудың фотосы бар жазбаны: #Экочелленджкормушка, #ТабиғаттыҚорғау, #ЭкоҚыс, #Экомарафон хэштегтерімен белгілеп орналастырыңыз. 3. Жазбаңызда міндетті түрде, астаудың қай елді мекенде екенін белгілеп көрсетіңіз. 4. Жазбаны стористе репост жасап, @uef.kz аккаунтымызды белгілеуді ұмытпаңыз.
Маңызды: Сіздің аккаунтыңыз міндетті түрде ашық болуы тиіс. Жабық аккаунттар Экочелленджге қатыса алмайды.
Сіз 30 қараша күні сағат 21.00-ге дейін астаумен жазбаңызды салуыңыз керек. Кейінірек жарияланған жазбалар Экочелленджге қатысуға қабылданбайды.
3 желтоқсанда (Жезқазған), 6 желтоқсанда (Шу), 9 желтоқсанда (Балқаш), 11 желтоқсанда (Қарағанды) өтетін Экомарафонның марапаттау рәсімінде біз Экочеллендж жеңімпаздарын анықтап, қор атынан сыйлықтарды табыстаймыз. Жеңімпаздарды «Ең креативті», «Ең экологиялық таза», «Ең үнемді», «Ең әдемі», «Ең жарқын» номинациялары бойынша таңдаймыз. Әр номинация бойынша (барлық облыстардан) тек 4 жеңімпаз болады.
Маңызды: Сізден астауды өз бетіңізше, жеке өзіңіз жасауыңызды сұраймыз, өйткені жүлделер мынадай қағидат бойынша берілетін болады: 1 астау - 1 жүлде.
Сіздерді Экочелленджге қатысуға, астау жасауға және құстарға қыста қорек табуға көмектесуге шақырамыз!