«Жылдың үздік директоры»

«Үздік директор» байқауының екінші кезеңі аяқталды!

«Үздік директор» байқауының екінші кезеңі аяқталды!

Бұл кезең қатысушылар үшін нағыз сынақ болды. Олар «Менің кәсіби ұстанымым» атты публицистикалық мақалаларын ұсынып, директор ретіндегі көзқарастарын және жұмысындағы негізгі қағидаттарын ашып көрсетті. Сондай-ақ, «Мектеп директорының бір күні» атты бейнероликтер түсіріп, ұжым мен оқушыларға деген жауапкершілікке толы жұмыс күндерін бейнеледі. Әр жұмыс – өз ісіне деген адалдық пен білімге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.

Алда – қазылар алқасының жұмысы! Жеңімпаздың есімі жақын арада белгілі болады.

Барлық қатысушыларға шынайылығы мен кәсібилігі үшін алғысымызды білдіреміз!

Жаңалықтарды бақылап, өз фавориттеріңізді қолдаңыз!