«Жылдың үздік директоры – 2026» байқауының II кезеңін қарсы алайық
2026-02-03 16:51
«Жылдың үздік директоры – 2026» байқауының II кезеңін қарсы алайық
ЦПТ Ustaz Ulytau жобасы аясында мектеп директорлары арасында өткізілетін «Жылдың үздік директоры – 2026» байқауының I кезеңі аяқталды.
Байқау қазылар алқасының мүшесі Раиса Советқызы Ешимова:
«Биыл «Жылдың үздік директоры» байқауы жетілдіріліп, үш номинация және Гран-при енгізілді. Бұл қатысушылардың кәсіби әлеуетін жаңа қырынан ашуға мүмкіндік берді. Байқау мектеп директорлары үшін қолдау мен кәсіби өсу алаңын қалыптастырады. Әсіресе, биыл байқауға көптеген жаңа қатысушылардың қосылғаны қуантады. Бұл – мектеп басшыларының дамуға, жаңа шешімдер іздеуге және алға ұмтылуға деген жоғары мотивациясын көрсетеді.»
Бұл байқау келесі қасиеттерді бойына сіңірген мектеп басшыларын біріктіреді:
мектептердің тұрақты дамуына бағытталған
заманауи білім беру тәсілдерін енгізетін
қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыратын
Байқауға Сәтбаев, Балқаш, Жезқазған қалаларынан, Ұлытау және Шу аудандарынан, сондай-ақ Қарағанды облысының аудандық мектептерінен ЦПТ Ustaz Ulytau жобасының қатысушы мектеп директорлары қатысуда.
I кезең қорытындысы бойынша қазылар алқасы байқаудың II кезеңіне өткен қатысушыларды анықтады:
Байқаудың II кезеңінде қатысушыларды басқарушылық ойлау қабілетін, көшбасшылық қасиеттерін және мектепті дамытудың стратегиялық көзқарасын көрсетуге бағытталған жаңа тапсырмалар күтіп тұр.
Байқаудың II кезеңіне өткен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Жарқын жеңістер, батыл идеялар және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!