Қор жаңалықтары

CIS Astana Terry Fox Run: маңызды мақсат жолында бірге

Бүгін Жетісу саябағында Canadian International School Astana ұйымдастырған жыл сайынғы Terry Fox Run қайырымдылық жарысы өтті.

Бұл шараға мектебіміздің студенттері, ата-аналары мен ұстаздары қатысып, онкологиялық ауруларды емдеуге бағытталған зерттеулерді қолдау және канадалық спортшы әрі қатерлі ісікпен күрескен Терри Фоксты еске алу үшін бірге жиналды.

Қатысушыларды жігерлі жаттығу, 2 км қашықтыққа жүгіру (ең белсенділері одан да ұзақ қашықтықты еңсерді!), концерттік бағдарлама және жылы да достық атмосфера күтіп тұрды.

Terry Fox Run мектебіміздің ажырамас дәстүріне айналып, Қазақстанның адал, жауапты және белсенді азаматтарын тәрбиелеуге бағытталған «Адал Азамат» бағдарламасы аясында өткізіліп келеді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсел Кушекбаева атап өтті:

«Біз игі мақсат үшін бірге жиналғанда, балалар кішкентай қадамдардың да әлемді өзгерте алатынын көреді. Дәл осылай адал, жауапты әрі қамқор азамат — адал азамат қалыптасады».

Барлық қатысушыларға белсенділігі мен ортақ іске қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз.

Сонымен қатар Жетісу саябағында іс-шара өткізуге жағдай жасағаны үшін Есіл ауданы әкімдігіне ризашылығымызды білдіреміз

\\\

Сегодня в парке Жетысу состоялся ежегодный благотворительный забег Terry Fox Run, организованный Canadian International School Astana.

Мероприятие объединило студентов, родителей, педагогов нашей школы, которые вышли на старт, чтобы поддержать исследования в области лечения рака и почтить память канадского спортсмена и борца с раком Терри Фокса.

Участников ждала энергичная разминка, пробежка на дистанцию 2 км (а самые активные преодолели и больше!), концертная программа и тёплая, дружеская атмосфера.

Terry Fox Run уже стал неотъемлемой традицией нашей школы и проводится в рамках программы «Адал Азамат», направленной на воспитание честных, ответственных и активных граждан Казахстана.

Асель Кушекбаева, заместитель директора по воспитательной работе, отметила: «Когда мы собираемся вместе ради доброй цели, дети видят, что сила маленьких шагов способна менять мир. Именно так формируется честный, ответственный и заботливый гражданин — адал азамат».

Благодарим всех участников за активность и вклад в общее дело.

Также выражаем признательность акимату Есильского района за предоставленную площадку в парке Жетысу