1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже «Ustaz Ulytau» педагогикалық трансформация орталығы жобасына қатысушылар болып табылатын, кәсіби қызметте жоғары жетістіктерге ие жалпы орта білім беру ұйымдарының директорлары арасында «Жылдың үздік директоры 2026» байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізудің мақсаттарын, міндеттерін, тәртібін айқындайды. (бұдан әрі – «Ustaz Ulytau» ПТО жобасы).
1.2. Байқаудың мақсаты: - орта білім беру ұйымдары директорлары қызметінің нәтижелілігін арттыруға үлес қосу;
- белсенділігін, креативтілігін және шығармашылық ізденісін ынталандыру.
1.3. Байқаудың міндеттері:- кәсіби құзіреттілігі жоғары, hard және soft skills дағдылары мен заманауи көшбасшы дағдыларын меңгерген, онымен қоса ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізетін шығармашылықпен жұмыс жасайтын директорларды анықтау;
- жалпы орта білім беру ұйымдарын басқарудың жаңа инновациялық әдістерін анықтау;
- жалпы орта білім беру ұйымдары директорларының озық тәжірибесін зерделеу және насихаттау;
- жалпы орта білім беру ұйымы директорының оң имиджін дамыту.
1.4. Байқаудың ұйымдастырушысы «The Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры (бұдан әрі – Қор) болып табылады.2. Байқауға қатысу шарттары
2.1. Байқауға «Ustaz Ulytau» жобасының қатысушысы болып табылатын жалпы орта білім беретін ұйымдардың директорлары, алдыңғы жылғы байқаудың жеңімпазынан басқа, төмендегі барлық шарттарды орындаған жағдайда қатыса алады.2.1.1. Кәсіби қызметінде жоғары жетістіктерге ие болып, оны растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда.2.1.2. Өтінім мен материалдарды осы Ереженің 4 және 5-бөлімде көрсетілген мерзімде және тәртіппен жолдаған жағдайда.3. Байқауды өткізу тәртібі
3.1. Байқау онлайн форматта өтеді және екі кезеңнен тұрады.3.2. Қатысушыларды байқауды ұйымдастырушы Қор бекіткен әділ-қазылар алқасы арнайы бағалау критерийлер негізінде бағалайды.3.3. Байқау мерзімі: 2025 жылдың 15 желтоқсанынан бастап, 2026 жылдың 28 ақпанына дейін.3.4. I кезеңді өткізу мерзімі: 2026 жылдың 12 қаңтарынан бастап, 2026 жылдың 30 қаңтарына дейін. 3.5. II кезеңді өткізу мерзімі: 2026 жылдың 6 ақпанынан бастап, 28 ақпанына дейін.
4. Байқаудың I кезеңіне қатысу тәртібі
4.1. Байқауға қатысушылар 2026 жылдың 12 қаңтар 18.00-ге дейін Google нысанындағы сілтеме арқылы https://forms.gle/yTDi9RsMEVrv51Ep8 қатысуға өтінімді жібереді.4.2. Осы Ереженің 2.1-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін және Конкурсқа қатысу үшін уақытылы тіркелген қатысушылар 2026 жылғы 16 қаңтарға дейін bestprincipal2026@uef.kz электрондық поштасына келесі материалдарды тапсырады:4.2.1. Директордың портфолиосы; 4.2.2. «Көшбасшы кадрда» бейнеролигі (кейіннен Қордың YouTube арнасында жарияланады).4.3. Директордың портфолиосында төменде берілген құжаттар қамтылу қажет:4.3.1. Білім саласындағы жеке және кәсіби жетістіктері; 4.3.2. Оқушылар мен мұғалімдер ұжымын оқыту, тәрбиелеу және дамыту нәтижелері;4.3.3. Аймақтың білім беру жүйесін дамытуға директордың қосқан үлесі.4.4. Директор Портфолиосының дизайнына қойылатын техникалық талаптар: 4.4.1. Презентация форматы – PowerPoint (5 слайдтан көп болмауы тиіс);4.4.2. Байқауға қатысушы туралы жалпы ақпарат (3/4 өлшемді фотосурет міндетті түрде қоса беріледі);4.4.3. Жалпы жұмыс өтілі/директор ретінде басқарушылық жұмыс өтілі;4.4.4. Жоғары білімі туралы (дипломдардың көшірмелері);4.4.5. Тиесілі жалпы орта білім беру ұйымында соңғы үш жылдағы қызметінің нәтижелері бойынша оқушылардың білім сапасының жетістіктері, ішкі көрсеткіштер, ББЖМ (МОДО), PISA, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлерінде пәндік олимпиадалардағы, ғылыми жобалардағы, байқаулардағы жүлделі орындар;4.4.6. Соңғы 3 жылдағы педагогтардың жетістіктері;4.4.7. Волонтерлік қызмет нәтижелері, «Адал азамат» білім беру бағдарламасының тұжырымдамалық идеяларын жүзеге асыру;4.4.8. Ғылыми-зерттеу қызметі (ғылыми мақалаларды жариялау, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалар жасау, авторлық бағдарламалар (таңдау курстары, факультативтер), әдістемелік ұсыныстар мен оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдардың және оқулықтардың бірлескен авторлары, шығармашылық есептер туралы ақпарат);4.4.9. Директордың басқарушылық біліктілігін арттыру (сертификаттардың және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері);4.4.10. Марапаттар (дипломдардың, құрмет грамоталарының, сертификаттардың, төсбелгілердің, үкіметтік және мемлекеттік марапаттардың көшірмелері);4.5. «Кадрдағы көшбасшы» бейнеролигі өз құрамында мыналарды қамтуы тиіс:Кіріспе бөлімі (20 секундқа дейін):- директордың таныстырылымы (аты-жөні, мектебі, елді мекен);
- роликтің тақырыбын қысқаша белгілеу: бұл оқиға не туралы (мысалы: «Біз ауыл мектебін балалар мен ата-аналар үшін тартылыс орталығына қалай айналдырдық»).
Негізгі бөлім (1–1,5 минут):Бұл бөлімде жобаның бастамашысының жеке тарихы ұсынылады. Ол төмендегі мазмұнды қамтуы тиіс:- бастапқы жағдайдың сипаттамасы — жобаның басталуына себеп болған мәселе, сын-қатер немесе өмірлік/жұмыс жағдайы;
- қойылған міндетті шешу үшін басшы мен команданың атқарған әрекеттері;
- кездескен негізгі қиындықтар мен еңсеруді қажет еткен кедергілер;
- жұмыс барысында алынған сабақтар мен болашақтағы басқарушылық тәсілді қалыптастырған қорытындылар;
- шынайы және нақты стильде жазылған, мектеп практикасының нақты жағдайлары мен мысалдарына сүйенген, тарихтың жанды да сенімді түрде берілуі.
Нәтижелер мен түсініктер (30–40 секунд):- білім беру ұйымында және қауымдастық қатысушылары (оқушылар, педагогтар, ата-аналар) арасында басшының әрекеттері нәтижесінде орын алған нақты өзгерістер;
- қабылданған шешімдердің нәтижесі бойынша директор түйіндеген жеке қорытындылары;
- көшбасшының басқарушылық философиясы мен құндылықтық ұстанымын білдіретін қысқа дәйексөз немесе ұран.
Қорытынды бөлім (15 секундқа дейін).4.6. Бейнетүсірілімге қойылатын техникалық талаптар: - ұзақтығы 2- 3 минуттан аспайтын;
- файл пішімі – MP4 немесе MOV (Қордың YouTube-арнасында жарияланады);
- тұрақты жарықтандыру, жоғары сапалы дыбыс;
- файлды «Облако» деректер қоймасына жүктеп салу керек және сілтемесін Ереженің 4.2 тармағына сәйкес жіберілетін материалдармен бірге жіберу қажет.
4.7. Байқаудың I кезеңінің нәтижелері, I кезең аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Байқаудың веб-сайтында жарияланады.5. Байқаудың II кезеңіне қатысу тәртібі
5.1. ІІ кезеңге өткен қатысушылар 2026 жылғы 16 ақпан, сағат 18:00-ге дейін келесі электрондық мекенжайға: bestprincipal2026@uef.kz өздерінің авторлық инновациялық басқарушылық жобасын Zoom платформасында қазылар алқасы алдында қорғау үшін презентация түрінде жолдауы тиіс.5.1.1. Жобаны рәсімдеуге арналған техникалық талаптар:Титул беті- жобаның атауы (қысқа, мазмұнды, идеяны айқын бейнелеуі керек).
- автор: аты-жөні, лауазымы, мектебі, өңірі.
- іске асыру жылы.
Жобаның мақсаты мен міндеттері- мақсат – жоба іске асырылуы барысында қол жеткізілуі тиіс түпкі нәтиже. Мақсат өзгерту, жақсарту немесе жаңадан құру қажет нәрсені айқындайды және бүкіл жобалық қызметтің стратегиялық бағытын белгілейді;
- міндеттер – мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін нақты, өлшенетін және бірізді әрекеттер (көбіне 3–5 тармақ). Міндеттер нәтижеге жетудің жолын нақтылап, негізгі кезеңдер мен күтілетін аралық нәтижелерді анықтайды.
Жаңашылдығы мен инновациялық әлеуеті- бұл бөлім авторлық идеяның бірегейлігін және ұсынылып отырған тәсілдің қолданыстағы немесе дәстүрлі практикалардан негізгі айырмашылықтарын айқындайды. Мұнда қандай басқарушылық шешімдер, үлгілер, тетіктер немесе технологиялар алғаш рет енгізіліп отырғаны және олардың процестердің тиімділігін, нәтижелілігін немесе сапасын қалай арттыратыны ашып көрсетіледі.
Жобаны іске асыру кезеңдері3–4 кезеңнен тұрады, мерзімдері мен негізгі іс-шаралары көрсетілуі тиіс:- аналитикалық кезең – жағдайды зерттеу, диагностика жүргізу;
- жобалау кезеңі – модель мен команданы әзірлеу;
- іске асыру кезеңі – енгізу, қолдау көрсету;
- рефлексиялық кезең – бағалау, түзету, тәжірибе тарату.
Ресурстық қамтамасыз ету- кадрлық ресурстар – жобаның қатысушыларының құрамы және олардың рөлдерін бөлу;
- материалдық-техникалық ресурстар;
- ақпараттық және серіктестік ресурстар (қорлар, корпорациялар, «Ustaz Ulytau» Педагогикалық трансформация орталығы және т.б.).
Күтілетін нәтижелер- сапалық нәтижелер: білім сапасының артуы, мотивацияның өсуі, ұжымдағы ахуалдың жақсаруы;
- сандық нәтижелер: қатысушылар санының артуы, үлгерім көрсеткіштерінің жақсаруы, белсенділік деңгейінің өсуі;
- масштабтау перспективасы: жобаны басқа білім беру ұйымдарында тарату мүмкіндігі.
Мониторинг және тиімділікті бағалау- өлшеу әдістері – жоба нәтижелерін бағалау үшін қолданылатын құралдар мен тәсілдер, соның ішінде сауалнама, бақылау және деректерді аналитикалық өңдеу;
- кері байланыс жүйесі (педагогтар, ата-аналар, оқушылар);
- жобаның табыстылық көрсеткіштері.
Қорытынды және даму келешегі- жобаның қол жеткізген нәтижелері және ол көрсете алған өзгерістер;
- бастаманың болашақта дамуы мен масштабталу бағыттары мен мүмкіндіктері.
Қосымшалар (қажет болған жағдайда)фотосуреттер, кестелер, басқару моделі сызбалары, қатысушылардың пікірлері, жарияланымдар және т.б.5.2. Финалға өткен қатысушылардың жобаларын қорғау алдын ала бекітілген кесте бойынша 2026 жылғы 20 ақпанға дейін ZOOM платформасында өткізіледі. Жоба қорғау регламенті: 15 минут – қатысушы сөзі; 5 минут – сұрақ-жауап бөлімі.5.3. Байқау нәтижелері байқаудың II кезеңі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Конкурстың веб-сайтында жарияланады. 6. Қорытынды ережелер
6.1. Қазылар алқасының құрамын, сондай-ақ олардың жұмыс тәртібін Байқауды ұйымдастырушылар бекітеді.6.2. Өткізілген Конкурстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы «Жылдың үздік директоры» номинациясының жеңімпазын, сондай-ақ I, II және III орын иелерін анықтайды.6.3. «Жылдың үздік директоры» номинациясының жеңімпазы жалпы орта білім беру саласындағы жетекші ұйымдарда тағылымдамадан өту құқығына ие болады. Тағылымдаманың мақсаты – озық басқарушылық тәжірибелерді зерделеу, кәсіби құзыреттерді кеңейту және тәжірибе алмасу.6.4. Тағылымдама бағдарламасы Фондпен келісу арқылы анықталады.6.5. Тағылымдама 2026 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмей аяқталуы тиіс. Осы мерзім сақталмаған жағдайда, қатысушының тағылымдамаға құқығы жойылады.6.6. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Тараз қаласында өтетін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда салтанатты түрде өткізіледі. Байқау жеңімпазының жұмысы Байқау сайтында орналастырылады.6.7. Байқаудың ұйымдастырушылары мен қазылар алқасы қатысуға өтінімді барынша толық бағалауды қамтамасыз ету үшін қосымша ақпаратты сұрау құқығына ие.6.8. Ұйымдастырушы Қор қабылданбаған өтінімдерге немесе қабылданған шешімдерге түсініктеме бермейді.6.9. Байқауға қатысуға өтінім беру арқылы үміткерлер Байқау аясында құрылған жобаларға авторлық құқықты Байқау қатысушыларына қалдырады.6.10. Байқауға қатысуға өтінім беру арқылы үміткерлер Қордың қалауы бойынша фото/бейне түсірілімге қатысуға және өзінің суреті мен жеке деректерін Байқауға арналған барлық жарнамалық материалдарда пайдалануға, әртүрлі байланыс арналарында түсірілім материалдарын жариялауға келіседі.6.11. Осы Ереженің талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер Байқауға қатысуға қабылданбайды және тіркелмейді.