«Жылдың үздік директоры» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер


1.1. Осы Ереже «Ustaz Ulytau» педагогикалық трансформация орталығы жобасына қатысушылар болып табылатын, кәсіби қызметте жоғары жетістіктерге ие жалпы орта білім беру ұйымдарының директорлары арасында «Жылдың үздік директоры» байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізудің мақсаттарын, міндеттерін, тәртібін айқындайды. (бұдан әрі – «Ustaz Ulytau» ПТО жобасы).


1.2. Байқаудың мақсаты:
- жалпы орта білім беру ұйымдары директорлары қызметінің нәтижелілігін арттыруға үлес қосу;

- олардың белсенділігін, креативтілігін және шығармашылық ізденісін ынталандыру.


1.3 Байқаудың міндеттері:
- кәсіби құзіреттілігі жоғары, hard және soft skills дағдылары мен заманауи көшбасшы дағдыларын меңгерген, онымен қоса ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізетін шығармашылықпен жұмыс жасайтын директорларды анықтау;
- жалпы орта білім беру ұйымдарын басқарудың жаңа инновациялық әдістерін анықтау;
- жалпы орта білім беру ұйымдары директорларының озық тәжірибесін зерделеу және насихаттау;

- жалпы орта білім беру ұйымы директорының оң имиджін дамыту.


1.4 Байқаудың ұйымдастырушысы «The Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры (бұдан әрі – Қор) болып табылады.



2. Байқауға қатысу шарттары


2.1. Байқауға «Ustaz Ulytau» ПТО жобасының қатысушылары болып табылатын жалпы орта білім беру ұйымдарының директорлары келесі шарттарды сақтай отырып, қатыса алады.
2.1.1. Кәсіби қызметте жоғары жетістіктерге ие болғанын растайтын құжаттарды ұсыну.
2.1.2. Байқауға қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде кемінде үш жыл директор лауазымында үздіксіз жұмыс тәжірибесінің болуы.

2.1.3. Өтінім берушілер, материалдарды берілген мерзімде және осы Ереженің № 4, № 5 бөлімдеріне сәйкес тапсырады.



3. Байқауды өткізу тәртібі


3.1. Байқау онлайн форматта өтеді және екі кезеңнен тұрады.

3.2. Қатысушыларды байқауды ұйымдастырушы Қор бекіткен әділ-қазылар алқасы арнайы бағалау критерийлер негізінде бағалайды.

3.3. Байқау мерзімі: 2024 жылдың 13 қарашасынан бастап, 2025 жылдың 28 ақпанына дейін

3.4. I кезеңді өткізу мерзімі: 2024 жылдың 13 қарашасынан бастап, 2025 жылдың 22 қаңтарына дейін

3.5. II кезеңді өткізу мерзімі: 2025 жылдың 23 қаңтарынан бастап, 20 ақпанына дейін.



4. Байқаудың I кезеңіне қатысу тәртібі


4.1. Қатысушылардан өтінімдер 2024 жылдың 13 қарашасынан бастап, 2025 жылдың 12 қаңтарына дейін қабылданады. Байқауға қатысушылар 2025 жылдың 12 қаңтарына дейін Google нысанындағы сілтеме арқылы
https://forms.gle/zPtdjdnKig5TKvTW8 үлгі бойынша (1-қосымшада) қатысуға өтінімді жібереді.

4.2. 2025 жылдың 12 қаңтарына дейін ustaz-info@uef.kz почтасына сілтеме арқылы өтінім берген қатысушылар 4-ші байқау ережесінің 2.1 және 2.2. тармағында көрсетілген келесі материалдарды жіберу қажет:
4.2.1. директордың портфолиосы;
4.2.2. «Мектеп директорының визиткасы» бейнеролигі (кейіннен Қордың YouTube арнасында жарияланады).

4.3. Директордың портфолиосында төменде берілген құжаттар қамтылу қажет:
4.3.1. білім саласындағы жеке және кәсіби жетістіктері;
4.3.2. оқушылар мен мұғалімдер ұжымын оқыту, тәрбиелеу және дамыту нәтижелері;
4.3.3. аймақтың білім беру жүйесін дамытуға директордың қосқан үлесі.

4.4. Директор Портфолиосының дизайнына қойылатын техникалық талаптар:
4.4.1. байқауға қатысушы туралы жалпы ақпарат (3/4 өлшемді фотосурет міндетті түрде қоса беріледі);
4.4.2. жұмыс орны куәландырылған жеке есепке алу парағы;
4.4.3. жалпы жұмыс өтілі;
4.4.4. директор ретінде басқарушылық жұмыс өтілі;
4.4.5. жоғары білімі туралы (дипломдардың көшірмелері);
4.4.6. тиесілі жалпы орта білім беру ұйымында соңғы үш жылдағы қызметінің нәтижелері бойынша оқушылардың білім сапасының жетістіктері, ішкі көрсеткіштер, ББЖМ, ҰБТ, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлерінде пәндік олимпиадалардағы, ғылыми жобалардағы, байқаулардағы жүлделі орындар және мұғалімдердің жетістіктері;
4.4.7. волонтерлік қызмет нәтижелері, «Біртұтас тәрбие» білім беру бағдарламасының тұжырымдамалық идеяларын жүзеге асыру;
4.4.8. ғылыми-зерттеу қызметі (ғылыми мақалаларды жариялау, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалар жасау, авторлық бағдарламалар (таңдау курстары, факультативтер), әдістемелік ұсыныстар мен оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдардың және оқулықтардың бірлескен авторлары, шығармашылық есептер туралы ақпарат);
4.4.9. директордың басқарушылық біліктілігін арттыру (сертификаттардың және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері);
4.4.10. марапаттар (дипломдардың, құрмет грамоталарының, сертификаттардың, төсбелгілердің, үкіметтік және мемлекеттік марапаттардың көшірмелері);
4.4.11. соңғы үш жылдағы әлеуметтік желілердегі белсенділігі, жобаның ақпараттарын веб-ресурстарында жариялауы:
- «Ustaz Ulytau» ПТО жобасы бойынша директордың, жалпы орта білім беру ұйымының және оның қызметкерлерінің қатысуымен өзінің жеке әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ өзге әлеуметтік желілерде және директорға тиесілі жалпы орта білім беру ұйымының веб-ресурстарында жарияланған 1-10 дейін жарияланымдарының сілтемелерін қосу қажет.
- әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға #UstazUlytauжылдиректоры, #директоргодаUstazUlytau хэштегтерімен 1-ден 5-ке дейін сілтеме қосу қажет.

4.5. «Директордың өзін-өзі таныстыруы» бейнетүсірілімінде мыналар болуы қажет:
4.5.1. директордың аты-жөнін, жалпы орта білім беру ұйымының нөмірін, елді мекеннің, ауданның, облыстың атауын қосу;
4.5.2. директордың өзінің кәсіби және жеке құндылықтарын сипаттау;
4.5.3. тиесілі жалпы орта білім беру ұйымының стратегиялық дамуына өзіндік көзқарасын сипаттау;
4.5.4. директор қызметіндегі қол жеткен жетістіктер нәтижелерінің қысқаша сипаттамасы;
4.5.5. жергілікті қоғамдастықпен және ата-аналар қауымдастығымен өзара әрекеттесу нәтижелерінің қысқаша сипаттамасы.

4.6. Бейнетүсірілімге қойылатын техникалық талаптар:
4.6.1. ұзақтығы 2-3 минутқа дейін;
4.6.2. файл пішімі – MP4 немесе MOV (Қордың You Tube арнасында жарияланады).
4.6.3. файлды «Облако» деректер қоймасына жүктеп салу керек және сілтемесін Ереженің 4.2 тармағына сәйкес жіберілетін материалдармен бірге жіберу қажет.

4.7. Байқаудың I кезеңінің нәтижелері, I кезең аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Байқаудың веб-сайтында жарияланады.


5. Байқаудың II кезеңіне қатысу тәртібі


5.1. Байқаудың І кезеңінен өткен қатысушылар келесі материалдарды ustaz-info@uef.kz электронды поштасына 2025 жылдың 23 қаңтарынан бастап 2025 жылдың 9 ақпанына дейін тапсыруы қажет:
5.1.1. «Менің кәсіби ұстанымым» публицистикалық мақаласы;
5.1.2. «Директордың өмірінен бір күн» бейнетүсірілімі, кейіннен Қордың You Tube арнасында жарияланады.

5.2. «Менің кәсіби ұстанымым» публицистикалық мақаласы (бұдан әрі – мақала) қатысушының басқару тиімділігін арттыруға (мектепті басқару)/ білім беру жүйесіне қатысты проблемаға қатысты ұстанымын ашуы тиіс.

5.3. Мақалада қамтылу қажет:
- жалпы орта білім берудің тиісті ұйымының дамуындағы директордың рөлі;
- директордың тәжірибесінен алынған жағдайлар және олардың түсінігі;
- жалпы орта білім берудің тиісті ұйымының басшылығын қайта құру туралы қатысушының ұстанымы;
- «Ustaz Ulytau» ПТО жобасының бастамаларына қатысу нәтижелері (алған білімдері, меңгерген дағдылар және оларды директордың кәсіби қызметте қалай қолдануы).

5.4. Мақаланың дизайнына қойылатын техникалық талаптар:
5.4.1. публицистикалық жазу стилі;
5.4.2. мақаланың көлемі – 3 бетке дейін (кемінде 500 сөз). Жол аралығы- 1,5 , шрифт өлшемі 14 Times New Roman, жиегі 2 см.
5.4.3. мақаланың құрылымы келесіге сәйкес келуі керек: Тақырып - Басы (мақала мазмұнын 1-ден 3 сөйлемге дейін сипаттау) - Кіріспе - Негізгі бөлім - Қорытынды.

5.5. «Директор өмірінен бір күн» бейнебаянында төменде берілген ақпараттар болуы қажет:
5.5.1. креативті таныстыру;
5.5.2. коммуникация, жанжалдарды шешу және медиация бойынша директордың жоғары деңгейін көрсету;
5.5.3. тиесілі жалпы орта білім беру ұйымы ұжымының ұжымдық жұмыс дағдыларын көрсету, сондай-ақ педагогикалық ұжым, оқушылар, ата-аналар және Қамқоршылық кеңес арасындағы өзара әрекеттесуді көрсету;
5.5.4. жалпы орта білім беру ұйымының «Ustaz Ulytau» ПТО жобасында қатысуын көрсету;

5.6. «Директор өмірінен бір күн» бейнебаянының дизайнына қойылатын техникалық талаптар:
5.6.1. ұзақтығы 5 минуттан 7 минутқа дейін;
5.6.2. пішімі – MP4 немесе MOV, (қордың You Tube арнасында жарияланады).
5.6.3. файлды «Облако» деректер қоймасына жүктеп салу керек және бейнематериалдың сілтемесін 4.2 тармағына сәйкес жіберілетін материалдармен бірге жіберу қажет.

5.7. Қазылар алқасының мүшелерімен сұхбат онлайн форматта екінші кезеңнің финалында өтеді.

5.8. Байқау нәтижелері Байқаудың II кезеңі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Конкурстың веб-сайтында жарияланады.


6. Қорытынды ережелер


6.1. Қазылар алқасының құрамын, сондай-ақ олардың жұмыс тәртібін Байқауды ұйымдастырушылары бекітеді.

6.2. Қазылар алқасы байқау қорытындысын шығарып, «Жылдың үздік директоры» номинациясының жеңімпазын анықтайды.

6.3. «Жылдың үздік директоры» номинациясының жеңімпазы жалпы орта білім беру ұйымдарында жаңа білім мен тәжірибе алу мақсатында шетелде тәжірибе өту жолдамасымен марапатталады.

6.4. Жеңімпаз салтанатты түрде марапатталады. Байқау жеңімпазының жұмысы Байқау сайтында орналастырылады.

6.5. Байқаудың ұйымдастырушылары мен қазылар алқасы қатысуға өтінімді барынша толық бағалауды қамтамасыз ету үшін қосымша ақпаратты сұрау құқығына ие.

6.6. Ұйымдастырушы Қор қабылданбаған өтінімдерге немесе қабылданған шешімдерге түсініктеме бермейді.

6.7. Байқауға қатысуға өтінім беру арқылы үміткерлер Байқау аясында құрылған жобаларға авторлық құқықты Байқау қатысушыларына қалдырады;

6.8. Байқауға қатысуға өтінім беру арқылы үміткерлер Қордың қалауы бойынша фото/бейне түсірілімге қатысуға және өзінің суреті мен жеке деректерін Байқауға арналған барлық жарнамалық материалдарда пайдалануға, әртүрлі байланыс арналарында түсірілім материалдарын жариялауға келіседі.

6.9. Осы Ереженің талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер Байқауға қатысуға қабылданбайды және тіркелмейді.

№1 қосымша

«Жылдың үздік директоры» байқауына қатысуға арналған өтінімнің үлгісі


1. Тегі, аты, әкесінің аты

2. Туған күні (күні, айы, жылы)

3. Облыс, қала, аудан атауы

4. Мектеп атауы

5. Басшылық қызметтегі өтілі

6. Басшылық біліктілік санаты

7. Байланыс телефоны және электрондық пошта

8. Өтінімнің толтырылу күні